Ми жұмысын жақсартыңыз
Ми жұмысын жақсартыңыз
Ғалымдардың айтуынша адамдар миының аз мүмкіндігін ғана қолданады екен. Ал күнделікті бір жұмысты орындап, бірсарынды өмір сүрсеңіз, миыңыз тіпті дамымай қалады. Ми ауруларының алдын алып, ақыл мен есті дамыту жолдары бар екен. Сонымен, миды қалай жаттықтыруға болады?
1.Жұмбақтар мен есептер шығарыңыз.
2. Амбидекстрия қасиетін дамытыңыз. Қолданбайтын "жалқау" қолыңызды пайдалануға дағдыланыңыз. Мысалға, оңқай болсаңыз, сол қолыңызды оңнан кем емес қолдануға тырысыңыз. Басында компьютер тышқаның ұстап, не тіс жуып үйренсеңіз болады. Екі қолмен бір уақытта жазу, сол қолмен тамақтану да осыған жатады.
3. Оптикалық иллюзия көрініс тапқан суреттерді бақылап көріңіз.
4. Сезім мүшелеріңізді шектеңіз. Мысалы, көзіңізді байлап тамақтаныңыз, не күнделікті үйдегі шаруаларды істеп жүргенде құлағыңызға мақта салып қойыңыз.
5. Бір қарағанда байланысы жоқ мәселелерді байланыстыра біліңіз.
6. Пернетақтаны бірнеше тілде басып үйреніңіз.
7. Қарапайым нәрсенің жаңа қолданысын іздеп көріңіз. Мысалы кәдімгі шегенің қанша қолданысын ұсынар едіңіз?
8. Өз көзқарасыңызды өзіңіз теріске шығарып үйреніңіз.
9. Ойларыңыз жаңа, креативті болсын.
10. Бір мәселені шешкенде, ойға бірінші келген қарапайым шешімнің орнына, жаңа, күтпеген шешім табуға тырысыңыз.
11. Бар мүмкіндіктерді қарастыруға тырысыңыз. Есіңізге шахмат ойынын алыңыз. Бірнеше қадам бұрын ойланыңыз. "Ал егер..." деп басталатын сұрақтарды қоюдан шаршамаңыз.
12. Компьютеріңіздің жұмыс үстеліндегі суретті кері аударып қойыңыз.
13. Логикалық есептерді шешіп, логикалық ойлауды дамытыңыз.
14. Бір ғылыми жаңалықтың егжей-тегжейіне дейін түсінуге тырысыңыз.
15. Сурет салыңыз. Кез келген нәрсенің суретін сала беріңіз. Суреттеріңіздің керемет шығуы шарт емес.
16. Кітап оқыңыз.
17. Спортпен айналысыңыз.
18. Көп су ішіңіз.
19. Тамақты ағаш таяқшаларымен жеп үйреніңіз.
20. Классикалық музыка туындыларын тыңдаңыз.
21. Жалаң аяқ жүріңіз.
22. Шахмат ойнаңыз.
23. Мысқыл сезіміңізді дамытыңыз. Жаңа, өзіңіздің қалжыңдарыңызды ойлап табуға тырысыңыз.
24. Бақылаушылығыңызды дамытыңыз. Мысалға күні бойы қызыл түске ерекше мән беріп, байқап жүріңіз. Не көшедегі көліктердің арасында бір марка көліктерін табуға тырысыңыз. Әр күні бақылауға жаңа тақырып ойлап табыңыз.
25. Күнделік жүргізіңіз.
26. Шет тілдерін үйреніңіз.
27. Компьютерлік бағдарламалауды үйреніңіз.
28. Ұзын сөздерді кері айтып көріңіз.
29. Үйдегі жиһаздың орнын ауыстырыңыз.
30. Жазып үйреніңіз. Шығарма, өлең, не блог жазуға дағдыланыңыз.